2026 жылғы тәуліктік ақы нормалары
2026 жылғы ҚР Салық кодексі бойынша (366-бап) іссапарда болудың әр күнтізбелік күні үшін 40 күнтізбелік күннен аспайтын кезеңде Қазақстан шегінде — 6 АЕК-тен, шетелде 8 АЕК-тен аспайтын тәуліктік ақы жұмыскердің табысы болып табылмайды. Құжатпен расталған жол жүру және тұрғын үй жалдау шығыстарына да салық салынбайды.
Нормадан тыс және 40 күнтізбелік күннен асатын күндердің тәуліктік ақысы — жұмыскердің табысы: олардан жалақыдағыдай МЗЖ, МӘМСЖ және ЖТС ұсталады, ЖМЗЖ, ӘА, МӘМСА және әлеуметтік салық есептеледі. Іссапар мерзімі бұйрық пен жол жүру құжаттары бойынша анықталады; шығу күні мен оралу күні іссапар күндері болып саналады.