2026 жылдан бастап оңайлатылған декларация
ҚР 2026 жылғы Салық кодексі бойынша оңайлатылған декларация (910 нысан) бойынша салық — жарты жылдағы табыстың 4%; мәслихаттар мөлшерлемені 50%-ға көтеруге немесе төмендетуге құқылы (2%-дан 6%-ға дейін). Режим үшін табыс шегі — жылына 600 000 АЕК.
ЖК өзі үшін ай сайын мәлімделген табыстан МЗЖ 10%, ЖМЗЖ 3,5% және ӘА 5% (1-ден 50 ЕТЖ-ға дейін және 1-ден 7 ЕТЖ-ға дейін) және МӘМС жарналарын — 1,4 ЕТЖ-ның 5%-ын төлейді. Жұмыскерлер үшін — ЖТС, МЗЖ, МӘМСЖ, ЖМЗЖ, ӘА және МӘМСА, оңайлатылған режимде жұмыскерлер жалақысынан әлеуметтік салық төленбейді.